+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Айбек Нұғымаров Семейдің инфекциялық ауруханасында коронавирустан емделіп жатыр

2020 жылғы 14 маусым 03:03
Бөлісіңіз:
Айбек Нұғымаров Семейдің инфекциялық ауруханасында коронавирустан емделіп жатыр

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде екі колледж директоры коронавируспен ауырды. Оның бірі танымал спортшы Айбек Нұғымаров, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында инфекциялық стационарлардағы науқастар 4 есеге азайды Жаңа қаулы: Павлодарда ғимараттарды корпоративтік шара үшін жалға алуға тыйым салынды Жаңа қаулы: Павлодарда вакцина алмаған кәсіпорын жұмысшылары жұмыстан шеттетіледі

«Семейде COVID-19 диагнозымен аурухананың инфекциялық бөлімшесіне қаладағы екі колледж директоры түсті. Бірі - Электр техникалық колледж директоры Азат Сәрпеков, екіншісі - Семей көлік колледжінің директоры, Қазақ күресінен әлем чемпионы, «Әлем барысы» турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров», делінген хабарламада.

«Құрметті жерлестер, мына жаман індет бізге де жұқты. Семей қаласындағы инфекциялық ауруханада жатырмыз. Осыдан бір апта ауру анықталды. Қазіргі кезде аурудың кімнен, қалай жұққанын біле алмай отырмыз. Сақтандыру шараларын жеткілікті қолданбағанның кесірінен деп ойлаймыз. Күнделікті жұмыстармен біраз азаматтармен кездескен болатынбыз. Басында бізде (коронавирус инфекциясына) іштей сеніңкіремеген едік. Бұл індеттің бар екені рас, ол ешқандай қауесет не саясат емес», - деді Айбек Нұғымаров.


Семей әкімдігі тұрғындарға сақ болып, санитарлық талаптарды сақтауға шақырды.

Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеулері 1 шілдеге дейін ұзартылды.


Орал Ерланұлы


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT