Айбек Нұғымаров пен Ерасыл Қажыбаев «Қазақстан барысында» ШҚО намысын қорғайды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - «Қазақстан барысы» республикалық турниріне Шығыс Қазақстан облысынан қатысатын палуандар анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Семей ақпараттық орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Семейде ҚР Тұңғыш Президенті Нұлсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне облыстық іріктеу аяқталды.

ШҚО-ның әр аймағынан келген 20-дан астам палуан республикалық жарысқа берілетін жолдаманы сарапқа салды.

Жарыстың фавориті саналған Ерасыл Қажыбав финалға дейінгі белдесулерін мерзімінен бұрын аяқтап, үш мәрте таза жеңіске қол жеткізді. Ақтық бәсекеде екі дүркін «Әлем барысы» Айбек Нұғымаровпен кездескен Ерасыл тәжірибелі қарсыласына ұпай бойынша есе жіберіп, екінші орынды қанағат тұтты. Жұбаныш белдесулерінде шеберлік танытқан Өскемен қаласының палуаны Жасұлан Мұхамедханов үшінші орынға жайғасты.

Осылайша, алғашқы екі орынға тұрақтаған Айбек Нұғымаров пен Ерасыл Қажыбаев 1 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстан барысы - 2019» жарысында облыс намысын қорғайтын болады.

«Қазақстан барысы» турнирі тарихында шығыс палуандары 2 алтын, 2 күміс және 4 қола белбеу иегері атанған болатын. Өңір спортшыларының дүбірлі бәсекеден жүлдесіз қайтқан кездері болған емес. Биылғы жылы осы бір жақсы дәстүр өз жалғасын табады деп сенеміз», - деді облыстық қазақ күресі федерациясының вице-президенті Азат Сәрпеков.

Соңғы жаңалықтар