Айбек Нұғымаров «Қазақстан Барысының» қола белбеуін ұтып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАҚпарат - Астана төріндегі «Барыс Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан «Қазақстан Барысы» VIII республикалық турнирінде Айбек Нұғымаров қола белбеу иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол үшінші орын үшін белдесуде Түркістан облысының балуаны Ерсұлтан Мұзаппаровпен белдесіп, қарсыласын ұпай санымен ұтып, «Қола» белбеу иегері атанды.

Айта кетейік, Нұғымаров өткен жылы да үшінші орын үшін таласта қарсыласын қапы қалдырып тағы да қола белбеу иегері атанған болатын.

Айбек Нұғымаров «Қазақстан Барысына» алғашқы 2011 жылдан бастап үздіксіз қатысып келе жатқан жалғыз балуан. Ол қазақ күресінен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері

Спорттық жетістіктері: Төрт дүркін Әлем чемпионы (2010, 2013, 2014, 2016), Үш дүркін Азия чемпионы (2008, 2009, 2014), «Әлем Барысы» абсолюттік әлем чемпионатының жеңімпазы (2017) және күміс жүлдегері (2014), «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы (2013) және қола жүлдегері (2012, 2017), Екі дүркін Әлем Кубогының иегері (2011, 2017), ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы (2015, 2016, 2017) «Қазақстан Барысы» турниріне қатысуы: 2011, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017 және биыл 2018 жылы да қатысып отыр.

Соңғы жаңалықтар