Айбек Нұғымаров - «Қазақстан барысы»

None
None
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Шығысқазақстандық палуан Айбек Нұғымаров - "Қазақстан барысы" турнирінің жеңімпазы атанды.

Ол ақтық сында Қарағандыдан келген Ержан Шынкеевтің жауырынын жерге тигізіп, таза жеңіске қол жеткізді.

Өткен жылдың "барысы" атанған жамбылдық палуан Бейбіт Ыстыбаев жартылай финалда сүрінді. Ержан Шынкеевпен белдескен ол тартысты сында қарсыласына жол берді. Дегенмен, төрешілер алғашында Бейбіттің қолын көтерген болатын. Кейін өзара дауласқан қазылар алқасы ақыры бір шешімге келіп, жеңісті Шынкеевке қайта ұстатты.

Есесіне, үшінші орын үшін болатын белдесуге Ыстыбаев шығудан бас тартып, қола жүлде шымкенттік Назар Ерсұлтановқа бұйырды.

Осылайша, "Қазақстан барысы-2013" атағын жеңіп алған Айбек Нұғымаровқа 150 мың АҚШ доллары мен «Алтын белбеу», «Тайтұяқ» және автокөлік сыйға тартылса, күміс жүлдені иеленген Ержан Шынкеевке 30 мың АҚШ доллары, ал қоланы қанағат тұтқан Жұманазар Ерсұлтановқа 10 мың АҚШ доллары тарту етілді, деп хабарлайды Baq.kz.

Соңғы жаңалықтар