Айбек Нұғымаров қазақ күресінен әлем чемпионатына қатыспайтын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатына «Әлем барысы» Айбек Нұғымаров қатыспайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Айбек Нұғымаров аса ауыр салмақта ел намысын қорғайды делінген. Алайда бапкерлер кеңесі ақылдаса келіп, оның орынына Руслан Әбдіразақовты шығаруды жөн санапты.

Бұл жағдайға байланысты Айбек Нұғымаров өз пікірін білдірді.  

«Мен бұл біріншілікке қатыспайтын болдым. Жастарға да орын беру керек қой. Жақында «Әлем барысы», жабық Азиада ойындарының жеңімпазы атандым. Менің орыныма Руслан бауырым белдеседі. Ол да тәжірибелі балуан ел намысын қолдан бермейді деп үміттемін», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар