Айбек Нұғымаров финалға өте алмай қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАҚпарат - Астанада «Барыс Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан «Қазақстан Барысы» VIII Республикалық турнирінде Ержан Шынкеев жартылай финалда Айбек Нұғымаровты ұтып финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Енді Айбек Нұғымаров үшінші орын үшін сынға түседі. Ал Шынкеев финалда Ерасыл Қажыбаев пен Ерсұлтан Мұзаппаровтың жеңімпазымен күш сынасады.

Естеріңізге сала кетейік, жарыс жеңімпазына алтын белбеу мен алтыннан құйылған «тайтұяқ» табысталады. Екінші және үшінші орынға сәйкесінше күміс және қола белбеу тапсырылмақ. Әр белдесудегі жеңіс үшін балуандар 100 мың теңгені қанжығасына байлайды. ІІІ орын алған балуанға 1,8 млн теңге, ал оның бапкеріне 900 мың теңге табысталады. Ал ІІ орын үшін 5,5 миллион теңге, оның бапкеріне 1,8 млн теңге берілмек. Турнирде топ жарған бірінші орын иегері 25 млн теңгеге ие болады. Ал оның бапкеріне 3,5 млн теңге тапсырылады. 

Соңғы жаңалықтар