Айбек Нұғымаров: Егемендіктің арқасында қазақ күресі әлемдік деңгейге жетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Қазақ күресінен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2017 жылы «Әлем барысы» атанған Айбек Нұғымаров «Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар. Шығыс Қазақстан облысының басты жетістіктері» атты дөңгелек үстелде елдегі спорт саласының қалай дамып келе жатқандығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің егемендік алуы қазақ спортшыларының жолын ашып берді. Отыз жылдың ішінде халықаралық додаларда жерлестеріміздің жеткен жетістіктері баршылық. Қазақстанның атын шығарып, ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшыларымыз аз емес. Бұның барлығы тек тәуелсіздіктің арқасында мүмкін болды», - дейді Айбек Нұғымаров.

Оның айтуынша, Олимпиада ойындарында талай әлем чемпиондары шығып, әнұранды асқақтатып, көк туды желбіретті.

Егемендіктің арқасында ұлтымыздың төл спорты – қазақ күресі әлемдік деңгейге жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінде, оның ішінде Шығыс Қазақстандағы ауылдарға талай спорттық кешендер салынып, өскелең ұрпаққа қажетті жағдай жасалды. Бүгінгі жастарға спортпен айналысуға еш кедергі жоқ. Керісінше қандай бағытты таңдаса да алаңсыз жаттығып, кәсіби шыңдалуына барлық мүмкіндік бар. Міне, сол үшін тәуелсіздікті бағалай білейік, - дейді қазақ балуандары арасынан тұңғыш «Әлем барысы» атанған Айбек Нұғымаров.


Соңғы жаңалықтар