Айбек Нұғымаров «Әлем барысы» атанды

None
None
    АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әлем барысы» додасының ақтық сайысында қазақстандық Айбек Нұғымаров пен грузиялық Гурам Тушишвили кездесті. Тартысты белдесуде Айбек Нұғымаров грузиялықты таза жеңді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі.

null
22 жастағы Грузия балуаны дзюдан Еуропа чемпионы атанған. Грузия құрамасының сапында «Еуразия барысы» сайысына да қатысқан. Кездесудің алғашқы минутында қос қарсылас бір-бір бүк ұпайдан алды. Екінші минутында Айбек тағы бір бүк ұпаймен алға шыққан. Әккі әдіс пен қара күшті қатар қолданған қарсыластардың бәсекесінде Айбек грузиялықты таза жеңіп, жеңіске ие болды.
null 

Еске сала кетсек, «Әлем барысы» додасында әлемнің 40-қа жуық елінен балуандар өзара бақ сынасқан болатын. Белдесудің қола жүлдесін қазақстандық Ержан Шынкеев жеңіп алды. 

null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар