Айбек Кетебаев «Көкшетау әуежайының» директоры болып тағайындалды

None
None
​НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Айбек Кетебаев «Көкшетау әуежайының» директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен келісімі бойынша, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Басқармасының 2020 жылғы 9 маусымдағы № 24 шешімімен Айбек Болатбекұлы Кетебаев «Астана халықаралық әуежайы» АҚ филиалы — «Көкшетау әуежайының» директоры болып тағайындалды», делінген хабарламада.

Айбек Болатбекұлы Кетебаев 1981 жылы туған, 2003 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Азаматтық авиация академиясы (Алматы қ.) Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығы бойынша және 2019 жылы Мәскеу авиациялық университетін (Мәскеу қ.) Менеджмент (авиакәсіпорындарды басқару) мамандығы бойынша магистр біліктілігімен бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы «Астана халықаралық әуежайы» АҚ арнайы көлік қызметі техникалық бөлімінің инженері болып бастаған.
Әуежайдың әртүрлі өндірістік қызметтері мен құрылымдық бөлімшелерінде мансаптық дамудың барлық кезеңдерінен өтті.
2014 жылдан бастап арнайы көлік қызметінің жөндеу учаскесінің бастығы, арнайы көлік қызметі бастығының орынбасары, арнайы көлік қызметінің бастығы қызметтерін атқарды.


Соңғы жаңалықтар