Айбек Имашев Қытайда дзюдодан өткен Гран-при кезеңінде бесінші болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Циньдаода дзюдо бойынша Гран-при кезеңі өтіп жатыр, онда қазақстандық споортшы Айбек Имашев бесінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Sports.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Айбек Имашев қола жүлдеге қол жеткізу үшін аз ғана ұпай жетіспеді.

Айбек іріктеу раундтардың барлығын табысты еңсеріп, армян спортшысы Давтян Ованес (вадза-ари), испаниялық Франсиско Гарригос (иппон), франциялық Валид Хьярді жеңді. Бірақ одан кейін қазақстандық спортшы екі рет жеңілді: жартылай финалда әзербайжандық Ильгар Мушкиевтен ұтылса, «қола» үшін айқаста өзбек спортшысы Шарафуддин Лутфиллаевтен жеңіліп, медальдан қол үзіп қалды.

Бұдан басқа, 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстанның тағы бір өкілі - Дастан Ықыбаев жетінші орыннан көрінді.

Соңғы жаңалықтар