Айбек Егембергенов Қызылорда облысы табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы болып тағайындалды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды. Бұл қызметке Айбек Егембергенов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А. Егембергенов 1987 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.

2007 жылы Мемлекеттік Кентау көпсалалы колледжін есептеу техникалары мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету, 2012 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын құқық және экономика негіздері мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Түркістан облысының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің хатшысы ретінде бастаған.

2009-2019 жылдары «Яссы» колледжінің информатика пәнінің мұғалімі, «Нұрлы Қалқан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инженер программисі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы болды.

2019 жылдан бастап Табиғи монополияларды реттеу комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы, департамент басшысының орынбасары қызметтерін атқарып келді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы ауысты.


Соңғы жаңалықтар