Айбек Дәдебаев Президенттің Іс басқарушысы болып тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Айбек Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысы лауазымына тағайындалсын», делінген Президент Жарлығында.

Бұған дейін Айбек Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып жұмыс істеген.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ ол Парламент Сенаты төрағасы хатшылығының меңгерушісі және Президент кеңсесі бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы лауазымынан босатылды.



Соңғы жаңалықтар