Айбек Дәдебаев Президент Іс басқармасы ведомстволарының ұжымымен кездесуді жалғастыруда

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Президенттің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев Президент Іс басқармасына (ПІБ) қарасты Автошаруашылық ұжымымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәлім етілгендей, ашық диалогқа 80-нен астам адам қатысып, әркім өз сауалын қоюға, пікірін білдіруге және ұсыныс жасауға мүмкіндік алды.

Жалақы, еңбек жағдайлары, жүргізушілерге құрметпен қарау мәселелері талқыланды.

ПІБ Автошаруашылығының құрылғанына биыл 25 жыл толып отыр. Кәсіпорынның негізгі бағыты – мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор ұйымдарына, өзге де заңды және жеке тұлғаларға көліктік қызмет көрсету.

«Кәсіпорында 477 қызметкер жұмыс істейді, оның 380-і жүргізушілер. Мұнда цифрландыру және жұмыс процестерін оңтайландыру бойынша біршама жұмыстар атқарылды.

Өз ойын ортаға салып, толғандырған мәселенің шешімін бірлесіп табу үшін ұйымдастырылып отырған бұл кездесулер жалғасын табады», - деді Президенттің Іс басқарушысы.

Еске салайық, бұған дейін А.Дәдебаев Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымы – «Қарлығаш» балабақшасы қызметкерлерінің жұмысымен және еңбек жағдайымен танысты.




Соңғы жаңалықтар