Валюта бағамдары:
    usd/kzt 455 eur/kzt 492.13

    rub/kzt 5.94 cny/kzt 66.11
Ауа райы:
Астана+8+10℃
  Jańalyqtar  >

Аязға байланысты ШҚО-ның бірқатар өңірінде оқушылар үйден оқиды

2023 жылғы 1 ақпан, 07:51

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының мәліметінше, 1 ақпан күні аязға байланысты бірқатар өңірде бірінші ауысым оқушылары үйден оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Күршім ауданы Күршім ауылының Шанағатты, Сарыөлең, Алғабас орта мектептері; Катонқарағай ауданындағы Жаңа Хайрузовка, Коробиха, Барлық, Аққайнар, Солоновка, Жұлдыз, Кіші Нарын орта мектептері; Самар ауданы Самар ауылының Сарыбел орта мектебі 0-4 сынып оқушыларын қашықтан оқуға көшіреді.

Сондай-ақ Күрші ауданының Ұрынхай, Тосқайың орта мектептерінің; Алтай ауданының Чапаев және М.Бекетов атындағы орта мектептерінің 0-9 сыныптары онлайнға білім беруге ауыстырылды.


Автор:

Гүлмира Алякпарова

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары