Аяздың беті қашан қайтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Қазгидромет" РМК 25-27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«25 желтоқсаннан бастап күн баяу ұзарады, ал Таймырдан Сібірге жылжыйтын суық антициклонның сілемі Қазақстанның көптеген облыстарына қатты аяз әкеледі. Солтүстік орталық және шығыс облыстарында түнгі температура минус 32...37°С дейін төмендесе, кей жерлерде аяз минус 40°С дейін күшейеді. Тіпті Қазақстанның оңтүстік-шығысында да суытады, кей жерлерде 25...30° дейін аяз күтіледі»,- делінген синоптиктер болжамында.

Тек еліміздің батыс облыстарында Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжитын циклонның ықпалынан жауын-шашын, тұман, көктайғақ және күндіз температураның 0-5° аязға дейін, оңтүстік-батыста 0...5° жылыға дейін жоғарылауы күтіледі.

Соңғы жаңалықтар