Аязда көлігі сынып, бір шақырымдай жаяу жүрген жүргізуші құтқарылды - ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында көлігі сынып жолда қалған адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ер адам Toyota Rav-4 автокөлігімен Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылынан Меңдеке қыстағына қарай бағыт алған. Жолда көлігі сынып қалды.

«Ұялы байланыс ұстамағандықтан ол құтқарушыларға хабарласу үшін бір шақырымдай жаяу жүрген. Хабар түсе сала №52 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері сол жерге аттанды. Олар азаматты Жетіарал ауылына дейін жеткізіп тастады. Ал көлік «КУНГ» техникасымен жақын маңдағы шаруа қожалығына дейін жеткізілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД өңір тұрғындарына алыс сапарға шыққан кезде Darmen мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйін алдын ала біліп алуға кеңес береді. Сондай-ақ қандай да бір қиын жағдайға тап болғанда 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін айтады.


Соңғы жаңалықтар