Аязда адасып кеткен қостанайлық бір күннен соң табылды

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Аязды күні мал іздеуге шыққан Арқалық қаласының тұрғыны адасып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
57 жастағы Арқалық қаласына қарасты Аққошқар ауылының тұрғыны Жарқынбек Сүлеймен полицейлер мен ТЖ бөлімінің қызметкерлеріне алғыс хат жолдады. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары қиын сәтте көмекке келіп, өмірін аман сақтап қалған.
«Жарқынбек Сүлеймен «снегоходын» мініп, жоғалып кеткен малын іздеуге Жезқазған қаласына қарай бағыт алған. Орта жолда оның көлігі сынып қалады. Ұялы байланыс желісі болмаған соң көмек сұрай алмады. Далада адасып қалған азаматты тәртіп сақшылары іздеуге шықты. 250 шақырым жүрген полицейлер оны бір күн өткен соң тапты. Ж.Сүлеймен Арқалық қаласынан 95 шақырым жерде табылды» делінген ведомство хабарламасында.
Жарқынбек Сүлеймен аязды күні көмекке келген Арқалық қаласының полицейлері Дінмұрат Едресов пен Әлішер Шегебаевқа, сонымен қатар ТЖД қызметкерлеріне алғыс айтты.
- Полицейлер Маңғыстау облыстық ауруханасындағы өртті сөндіріп, іштегілерді эвакуациялады
- Шағын несие беру ұйымына шабуылдаған ер адам Атырауда ұсталды
- Қызылордада бесінші қабаттан секіріп кеткен 14 жастағы қыз қайтыс болды
- Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды
-
Өскеменде отқа оранған үйден мүгедек әйел құтқарылды
-
Лионда бомбаны залалсыздандыру үшін 4,5 мыңнан астам адам эвакуацияланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам