+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Аяз, жауын-шашын, күшті жел: Түркістан облысы мен Шымкентте күн күрт суытады

2020 жылғы 8 сәуір 09:46
Бөлісіңіз:
Аяз, жауын-шашын, күшті жел: Түркістан облысы мен Шымкентте күн күрт суытады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8-9 сәуір күндері түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады. Тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с, 8 сәуірде түнде екпіні 25 м/с жетеді.

9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градус аяз, оңтүстікте плюс 3 градусқа дейін күрт төмендейді.

9-10 сәуірде Түркістан қаласында түнгі ауа температурасы минус 0-2 градусқа дейін суытады.

8-9 сәуірде Шымкент қаласында түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. 9-10 сәуір түнде ауа температурасы 0-2 градус аязға дейін күрт төмендейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT