Аяз: ШҚО-ның бірқатар ауданында бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар ауданда аяз салдарынан бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 18 ақпанда ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда аязға байланысты кейбір аудандардағы бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқитын болды.

«Аягөз ауданында 1-9 сыныптар мектепке бармайды. Ал Күршім ауданы Ақбұлақ, Үшбұлақ, Төсқайың, Урунхай, Ақжайлау, Қайыңды ауылдарында ауа температурасының 29-35 градус аралығына дейін төмендеуіне орай 1-11 сынып оқушылары онлайн оқиды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да қатты жел жедел жәрдем көлігін аударып жібергені хабарланған.


Соңғы жаңалықтар