Аяз кезінде Созақтың таксилері тұрғындарды тегін тасымалдауда - ОҚО

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында такси жүргізушілері тегін қызмет көрсету акциясын бастады. Бұл шара ауа райының аязды үш күн бойы жүргізілмекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Созақ ауданы оңтүстіктің теріскейі саналады. Қысы қатты әрі аязды болады. Қайырымдылық шарасы синоптиктер аудана 26-29 күндері суытатынын ескерткен соң қолға алынып отыр. Бұл туралы аудандық «Жастар ресурстық орталығының» әлеуметтік парақшасында жазылды.

«Созақ ауданынының орталығы Шолаққорған ауылында ауа райының қолайсыздығына байланысты жас кәсіпкер Болат Жарымбетовтің «Созақ такси» таксопаркі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен ерікті жастардың 3 күндік акциясы өтуде. Акция барысы еріктілерден құралған топ 5 автокөлікпен шығады. 3 күн ішінде таксилер ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне төменгі сынып оқушыларына және мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін қызмет көрсетеді» делінген хабарламада.

null 

Еске салайық, «Қазгидромет»  РМК Оңтүстік Қазақстан облысында 26-29 қаңтар арасында ауа температурасы төмендеп, түнде 15-20 градус аяз (кей жерлерде 25-30) түседі деп ескерткен болатын. Кей жерлерде -20-25 градусқа дейін (кей жерлерде 30-35)  жетуі мүмкін екені хабарланды. Ал, Созақ ауданында термометр бағаны -22 ден түнде -25  градусты көрсетіп тұр.  

Соңғы жаңалықтар