«Аяз ата, тоқташы!»: Көптің көңілін босатқан видеодағы оқушыны министр құттықтады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында көшеде Аяз атаның соңынан жүгірген оқушыны арнайы құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеоның басты кейіпкері – Алтай қаласындағы №6 орта мектептің үшінші сынып оқушысы Дмитрий Головен.


«Асхат Аймағамбетов мектеп оқушысына хат жолдады. Онда Дмитрийдің жыл бойы жақсы оқып, тек төрт пен бес деген баға алғанын атап өтті. Министр оқушыға әрдайым батыл болып, ата-аналар мен мұғалімдерді қуантып, алға қойылған мақсаттарға жетуін тіледі», - делінген ШҚО Білім басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ министр оқушыға кітап сыйлап, алдағы демалыс кезінде мүмкіндігінше көп кітап оқуға кеңес берді.


Соңғы жаңалықтар