Аян Бахиянов Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығымен Аян Бахиянов Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Бұған дейін Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Аян Бахиянов 1983 жылы 2 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін «Өнеркәсіптік балық аулау» мамандығы бойынша бітірген. Балық шаруашылығы саласында 2005 жылдан бастап жұмыс істейді, еңбек жолын салалық комитеттің жетекші маманы қызметінен бастаған.


Соңғы жаңалықтар