+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Аялдамадағы жол апаты: Қайтыс болған қызылордалықтардың отбасына көмек көрсетіледі

2019 жылғы 22 қараша 18:15
Бөлісіңіз:
Аялдамадағы жол апаты: Қайтыс болған қызылордалықтардың отбасына көмек көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылордада автобус аялдамасында көлік қағып кетіп көз жұмғандардың отбасыларына көмек көрсетіледі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда полицей көлікті соғып, жас келіншек көз жұмды Жамбылда қалың тұман кезінде 14 автокөлік бір-біріне соқтығысқан Жамбылда «КамАЗ-ға» соғылған екі автобуста 50-ге жуық жолаушы болған

«Біз Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқан кезде осындай қайғылы оқиға тіркелді. Көлік тізгініне ие бола алмаған жүргізуші аялдамаға соғылып, сонда тұрған бес адамды қағып кетті. Оқиға орнында үш адам қайтыс болып, бір адам ауруханада жан тапсырды. Мен өз атымнан көңіл айтып, жағдайын біліп қайту үшін орынбасарларым мен әкім аппаратының басшысын жібердім. Біз туыстарына міндетті түрде материалдық көмек көрсетеміз. Қиын жағдайда адамдар бір-біріне қол ұшын созуы керек», - деді Қуанышбек Ысқақов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, апатқа кінәлі жүргізушіге қатысты құқық қорғау органдары іс жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетелік, жол апаты кеше сағат 09.15 шамасында Назарбаев даңғылы бойында болған. «Тойота Камри» маркалы автокөлігі «Mercedes-Benz» көлігін сол қапталынан келіп соққан. Салдарынан «Тойота Камри» жүргізушісі көлігінің тізгініне ие бола алмай, автобус аялдамасында тұрған адамдарды басып кеткен.

Оқиғадан зардап шеккен 10 жасар бала мен 31 жастағы әйел балалар және қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Айбек Мырзағұлов екеуінің де жағдайы өте ауыр екенін айтқан болатын болатын.

Көз жұмған үш оқушы да Қызылорда қаласындағы №12 орта мектепте білім алған. Нұрислам Заурбек пен Нұрдәулет Кенжебай аталған мектептің бесінші сыныбында оқыса, Кәусар Зауырбек үшінші сыныпта оқыған.

Кейін жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен тағы бір адамның көз жұмғаны хабарланды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT