Аялдамадағы екі әйелді қағып өлтірген жүргізушіге қатысты қылмыстық істің бабы тағы да өзгертілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы прокуратурасы екі әйел қаза болған жол апатына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Прокуратура жүргізушіге тағылған қылмыстық істің бабын тағы да өзгертті. Енді ол ҚР ҚК 346-бабының 5-бөлімі бойынша жауап бермек.

«Тәтібеков пен Коперник қиылысында болған жол апатына байланысты қылмыстық іс прокуратураның бақылауында. Процессуалды прокурор тағайындалды. Қазір ол 346-бабының 5-бөлімімен яғни, көлік жүргізу құқығы жоқ, мас күйінде айдаудың кесірінен екі немесе одан көп адамның өліміне әкелген жол апатына себепкер болды деген айыппен қамалып отыр», - деді Алматы прокуратурасынан.

Күдікті қазір сот санкциясымен уақытша оқшаулау орнына жіберілді.

Айта кету керек, жол апаты 16 наурызда Медеу ауданында болған. Тәтібеков көшесімен шығысқа бет алған Toyota Corolla жүргізушісі көлікті басқара алмай қалып, Reno Duster көлігіне соғылған болатын. Сосын екпінімен келіп аялдамадағы үш адамды қағып, жекеменшік үйдің қоршауын қиратып тоқтаған. Оқыс оқиға салдарынан аялдамада тұрған 31 жастағы әйел қайтыс болған еді.

Кеше тағы бір әйелдің ауруханада ес жимастан көз жұмғанын хабарладық.

Соңғы жаңалықтар