Аялдамада тұрған әйел мен 3 жасар баланы көлік қағып, мерт қылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы автобус аялдамасында тұрған әйел мен 3 жасар баланы көлік қағып кетіп, екеуі де оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайғылы оқиға қала маңындағы Құрсай кентіне қатынайтын №5 автобустың ақырғы аялдамасында болды. Жол апатынан 3 адам зардап шекті. 37 жастағы әйел мен 3 жасар бала жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмды, ал 5 жасар қыздың миы шайқалып, жамбас сүйегі сынған. Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», - деді Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі.

ІДД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы ҚР ҚК 345-бабы, 2-бөлігіне  («Көлік құралдарын басқарған тұлғалардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын қолдану ережесін бұзуы») сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестрінде тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар