Аялдамада тұрған адамдарға жай түсіп, үшеуі қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Украинада жай түсіп, үш адам ажал құшты. Бұл туралы Facebook-тегі өзінің парақшасында Ивано-Франковск облысының полициясы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған қоса зардап шеккен тағы екі адам ауруханаға жатқызылды.

Жұма күні Ивано-Франковск облысындағы Беньковцы елді мекені маңындағы автобус аялдамасында тұрған адамдарды найзағай соққан. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қаза тапқандар бұл ауылға Львов облысынан келген.

Соңғы жаңалықтар