Аялдама басып қалған ақтөбеліктің еміне мердігер компаниялар көмектеседі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде екі баланың анасын аялдама басып қалды. Қазір ол ауруханада ем қабылдап жатыр. Мердігер компания қажетті емге көмектесуге уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында дауыл соғып, жол жөндеу жұмыстары кезінде толық бекітілмеген аялдама ұшып кеткен болатын. Салдарынан екі баланың анасы зақым алып, екі омыртқасы сынды. Қазір Сәния Сафина теміржол ауруханасында емделіп жатыр.

«Жағдайымды сұрап келуші адамдар көп. Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы мен депутаттар келді. Мердігер компания да кешірім сұрап, көмек көрсетуге уәде берді. Қазіргі кезде ақылы емге өз ақшамды жұмсап, түбіртегін жинап жатырмын», - деді зардап шегуші С.Сафина.

Айта кетейік, оқыс оқиғадан соң Қылмыстық кодекстің «Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды. Ал қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасова мен депутаттар науқастың денсаулығын білу үшін ауруханаға барды.

Сонымен қатар, С.Сафинаның аялдамадан зардап шеккен 9 жастағы баласы мектепке барғанда түгел оқулықпен қамтамасыз етіліп, денсаулығы бақылауға алынады. Ал мердігер компания дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп, ем-дом қабылдау кезінде көмек береді.

 

Соңғы жаңалықтар