Аяқсыз туған қазақстандық бала Неймар, Кавани және Мбаппемен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аяқсыз туған елордалық оқушы Әли Тұрмағанбетов әлемдік футбол жұлдыздары Неймар, Эдинсон Кавани және Килиан Мбаппемен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлиді шақырып, ұлымның кезекті арманын орындаған PSG командасына алғысым шексіз. Ол Еуропаның ең үздік футбол клубының жабық өткен жаттығуына қатысты», - деп қуанышымен бөлісті Әлидің анасы Ақмарал Әмреева фейсбук парақшасында.

Ол баласының арманы Тұңғыш Президент қоры қолдауының арқасында жүзеге асқанын айтып өтті. Сонымен қатар, Францияға виза әзірлеуде қиындықтар туғанын да жасырмады.

Бұған дейін Әли Тұрғанбековтың кумирі, белгілі оратор Ник Вуйчичпен және футболшы Марадонамен кездескенін хабарлаған болатынбыз. 

Әли таяуда протез аяқтармен жүруді үйренді. Оған арналған протезді түркиялық мамандар әзірлеген еді.  

 

Соңғы жаңалықтар