«Аякс» Еуропа Лигасының бірінші жартылай финалында «Лион» командасын жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Амстердамдық «Аякс» Еуропа Лигасының бірінші жартылай финалында франциялық «Лион» командасын 4:1 ірі есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Бірінші таймда нидерландылық клуб өкілдері қонақтардың қақпасына екі рет доп салды. Осы жолы Бертран Траоре мен Каспер Дольберг белсенділік танытты. Үзілістен соң Амин Юнес алаң иелерінің жеңісін тағы бір голмен еселеді.

Ойынның екінші жартысында Матьё Вальбуэн бір гол салуға мүмкіндік алды, алайда «Аякс» өкілдері қарымта гол салды. Бұл жолы Траоренің еңбегі ақталды. «Аякс» 4:1 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің финалына жолдама алды. Қарымта кездесу Лионда 11 мамыр күні өтеді.

Соңғы жаңалықтар