Аяғы жоқ, қолы жоқ, бала қайтіп күн көрер? - ВИДЕО/ФОТО

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезиялық 11 жастағы Тийо Сатрио өмірге қол-аяқсыз келген. Оның орнында болса, кім-кім де өмірден күдер үзуі мүмкін еді. Алайда, Тийо қол-аяқсыз-ақ бақытты болуға болатынын көрсетті.

Бұл туралы LIFENEWS.RU жазады.

Тийо мектепке барады, жазу-сызуды үйренген. Қарындашты аузымен тістеп жазады.
 

Арбаға таңылған Тийоның әрі-бері жүруіне сыныптастары көмектеседі.

 

 

Математика пәнінен сабақ беретін мұғалімі оның екінші сыныпта-ақ төртінші сыныпқа арналған есепті шеше алатын болғанын айтады.

 

Сабақтан соң ол иегімен басқарып, Playstation ойнағанды ұнатады.

Соңғы жаңалықтар