Аягөздік түлектер туған ауылына ойын алаңын салып берді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Туған жерге тағзым - қазақ халқының әлмисақтан жалғасқан салты. Осыны ескерген аягөздік түлектер 2 млн теңгеден астам қаражатты қалталарынан шығарып, ауылына ойын алаңын салып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Шыңқожа батыр атындағы орта мектепті 2003 жылы аяқтаған түлектер шынымен сауапты іс бітірді. Игі іске мұрындық болған - мектеп түлегі Мадияр Слямжарұлы Бендебаев.

Кіндік қаның тамған топырақты қастерлеу - ұлттық санамыздағы қастерлі ұғым. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» деген болатын.

null

Соңғы жаңалықтар