+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Аягөздегі әлеуметтік көмек орталығын Өскеменге көшіруді қарастыру қажет - Аймағамбетов

2020 жылғы 22 мамыр 15:32
Бөлісіңіз:
Аягөздегі әлеуметтік көмек орталығын Өскеменге көшіруді қарастыру қажет - Аймағамбетов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аягөздегі әлеуметтік көмек орталығын Өскеменге көшіру мүмкіндігін қарастыру қажет. Бұл туралы бүгін онлайн форматында өткен ведомствоаралық комиссия отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы COVID-19-бен күресте басқа өңірлермен тәжірибе бөлісіп жатыр Алматы әкімі жаңа модульдік аурухананың видеосын жариялады Қазақстанда коронавирустан 37 бала емделуде

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы арнайы әлеуметтік көмек орталығында 4 баланың өліміне қатысты жайт қаралған отырыс барысында министрі мұндай проблема еліміздің басқа да дәл осындай мекемелерінде байқалатындығын жеткізді. Сонымен қатар ол отырыста айтылған барлық ұсыныстар мұнан ары қаралып, орындалуы үшін хаттамға енгізілетіндігін атап өтті.

«Ведомствоаралық комиссия атынан Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне мекемені облыс орталығына көшіру нұсқаларын қарастыруды тапсырамын. Ол ірі қаладан 400 шақырым шалғайда болған кезде балалардың денсаулығы үшін үлкен тәуекелдер орын алады. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия қызметін де жандандыру қажет. Мұнан бөлек, үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық сектордың өкілдерін тарта отырып, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, балалар мен қарттар үйлерінің ғимараттарына кешенді тексеру жүргізу қажет деп есептейміз. Сондай-ақ қоғамдық бақылау институтын дамытуға жалғастыру керек», - деді Асхат Аймағамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT