Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 19 °С
Алматы: 28 °С
USD 336.39 EUR 390.28
RUB 5.36 CNY 52.42
Жаңалықтар

Аягөзде төтенше жағдай жарияланып, 400 адам эвакуацияланды

2018 жылғы 11 наурыз 20:03 4205
Бөлісіңіз:
Аягөзде төтенше жағдай жарияланып, 400 адам эвакуацияланды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Аягөз ауданында толассыз жауын-шашын салдарынан төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семей көшелерінен нөсерден кейін 3600 текше метр су сорылды Семейде нөсер салдарынан жеке меншік сектордағы көшелер мен аулалар су астында қалды

«Аягөз ауданы әкімінің өкімімен Аягөз қаласы бойынша төтенше жағдай жарияланды»,  делінген  аудандық ішкі саясат бөлімі берген мәліметте. Әкімдік ақпараты бойынша қала ішінде  3 көпірді, 5 жаяу жүргінші өткелін қарғын су басып қалған.   Су алған үйлерден 400 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оның 30-ы бала.

«Тұрғындар Аягөз қаласының қазақ мектеп-лицейіне, №6 орта мектеп-интернатқа және туыстарына орналастырылды. Төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында, жергілікті атқарушы орган, төтенше жағдай бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі, теміржол мекемелері, ауданның коммуналдық мекемелер қызметкерлері  және тұрғындар арасынан еріктілер жұмыс істеуде. 200-ден астам адам, 11 арнайы техника, 20 автокөлік, 3 мотопомпа жұмылдырылды. Зардап шеккендерге аудандық медицина қызметкерлерімен алғашқы көмек көрсетілуде. Қаза тапқандар жоқ», - делінген ресми мәліметте.


Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат