Аягөзде коммуналдық мекеме директоры пара алғаны үшін ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығының дирректоры 150 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, алғашқы келісім бойынша күдікті жалпы қамқорлығына алуы тиіс адамнан 200 мың теңге теңге алмақ болған.

«Аягөз аудан әкімдігінің аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры еңбек қатынастарымен байланысты жалпы қамқорлығы үшін О. есімді азаматтан 150 мың теңге пара алу кезінде қолға түсті» - делінген агенттіктің мәліметінде.

Ұлттық бюроның облыстық департаменті күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Соңғы жаңалықтар