+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Аягөзде кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғу әрекеті бойынша іс қаралып жатыр

2021 жылғы 11 мамыр 02:00
Бөлісіңіз:
Аягөзде кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғу әрекеті бойынша іс қаралып жатыр

АЯГӨЗ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында балалар үйі тәрбиелеушісінің 2006 жылы туған кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын салу әрекеті бойынша, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде құтқарушылар гаражға қамалып қалған тұрғынға көмекке келді ШҚО-да соқтығысқан екі көлік жыраға құлады ШҚО-дағы фтизиопульмонология орталығында жыл сайын 400-ге жуық операция жасалады

Осы мәселеге байланысты бапасөз-мәслихатында аудан әкімі Сейілбек Ысқақов пен аудан прокуроры Руслан Мұратбеков және балаларға арналған мекеменің директоры Шолпан Мақашева болған оқиғаға қатысты ресми ақпарат ұсынды.

«Психиатр-дәрігердің қырағылығының арқасында бейнебақылау камералары арқылы жедел түрде болған оқиғаға моиторинг жүргізіліп, бейнетіркеу жасалды. Тәрбиешісінің қатал әрекеті туралы құқық қорғау, прокуратура органдары мен әкімдікке, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тиісті ақпарат жеткізілді. Бейнекамерадағы жазбалар құқық қорғау органдарына жолданды. Мен қамқоршысымын, сондықтан оны ұрып-соғуға қатысты оқиғаға байланысты арыз жаздым»,-деді Балалар үйінің директоры Ш.Мақашева.

Полиция тексеру барысында баланың беті мен мойын тұсының көгергенін анықтады. Осы факті бойынша, ҚР ҚК 140 бабы, 2 бөліміне (кәмелетке толмаған жасты тәрбиелеу бойынша міндетін орындамау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті заңнамаға сәйкес, сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жаиялауға жатпайды. Қазіргі таңда қандай шара қолданылатыны шешілу үстінде. Сот-медициналық сараптау тағайындау жоспарланып отыр, деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Спикерлердің хабарлауынша, өткен жылы облыс прокурорының бастамасымен және ШҚО әкімінің қолдауымен балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз еу мақсатында бейнебақылау камералары орнатылған.

Іс облыс прокурорының бақылауында. Оқиға орнына ШҚО әкімінің орынбасары Алишер Мархабат жолға шықты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT