Аягөзде әскери қызметшілердің балалары арасында өткен «Көңілді старт» мәресіне жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аягөз гарнизоны Армия орталық спорт клубының спорт кешенінде әскери қызметшілердің балалары арасындағы спорттық эстафета өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұқаралық спортты дамыту және жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені нығайту мақсатында ұйымдастырылған шараға балалар спорт секциясының 40-тан аса тәрбиеленушісі қатысты. Олар спорттық сайыс барысында дене даярлығының қаншалықты жоғары екендігін көрсетті.

«Біз жас спортшыларымызды мақтан тұтамыз және әскери қызметшілердің балалары дес бермей, ата-аналары секілді жеңістерге ұмтылып, қол жеткізіп жатқандарына қуаныштымыз», - деді сайыстың бас төрешісі, Армияшылар орталық спорт клубының нұсқаушысы, 3-сыныпты сержант Ринат Бұтабаев.

Оның айтуынша, сайыс қорытындысы бойынша «Семсер» командасы үздік дене дайындығын көрсетті. «Қыран» және «Зымыран» командалары екінші және үшінші орындарға орналасты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар