Аягөз-Семей трассасында жолаушылар автобусы жанып кетті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - «Аягөз-Семей» бағытындағы жолаушылар автобусы толығымен жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 2 сәуір күні сағат 11-лер шамасында болған.

Автобус Жарма ауданының аумағында бұзылып қалған. Қалаға жете алмайтын болғандықтан жүргізуші жолаушыларды Семейге бара жатқан басқа автобусқа отырғызып жіберген. Ал өзі Аягөзге кері қайтқан. Бірақ жүріп келе жатқан автобус аяқасты өртке оранған. 

«Жақын арадағы өрт сөндіру бөлімі 70 шақырым жерде орналасқандықтан құтқарушылар оқиға орнына жеткенше автобус жанып кеткен. Қазір өрттің шығу себебі мен келген материалдық шығынның көлемі анықталуда. Алдын ала болжамға сәйкес, өрт көліктегі электр сымдарының тұйықталуынан шығуы мүмкін», - делінген ТЖД хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар