Аxметжан Есімов «Самұрық-Қазынаның» табысын жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қордың негізгі қызметтен түсетін табысы 31 процентке өсті. Ал дебиторлық қарыздың көлемі 80 процентке азайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Аxметжан Есімовтың айтуынша, өткен жылы атқарылған жұмыстың нәтижесінде қорға кіретін компаниялардың қаржылық тұрақтылығы арта түсті. Осының арқасында қордың жалпы қарызы 1 триллион теңгеге дейін төмендеді.

«Біздің сыртқы қарызымыз 3,2 миллиард долларға азайды. Ал дебиторлық қарыз 80 процентке - 331 миллиардтан 66 миллиард теңгеге төмендеді. Сөйтіп, негізгі қызметтен түсетін табыстың көлемі 31 процентке өсіп, 8,3 триллион теңгені құрады. Таза табысымыз 37 прооцентке көтеріліп, 820 миллиард теңгеге жетті. Ал операциялық табыс 1 триллионннан асты», - деді А.Есімов қордың бүгінгі кеңесінде.

Оның сөзіне қарағанда, «ҚазМұнайГаз» компаниясы 1,6 миллиард доллардың еурооблигацияларын сәтті өтеп шықты. Ал «Самұрық-Энерго» компаниясы 50 миллиард теңгенің қарызынан құтылды.

«Аталған шаралардың арқасында ҚазМұнайГаз бен Самұрық-Энерго қаржылай тәукелдері бар қызыл зонадан шықты. Өткен жылдың басында аталған зонада үш компания болды. Енді, біреуі ғана қалды», - деп атап көрсетті А.Есімов.

Соңғы жаңалықтар