Аxметжан Есімов бірқатар ақцияларды «Тау-Кен Самұрық» компаниясына беруді ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Аxметжан Есімов «Тау-Кен Самұрық» компаниясын күшейтуді ұсынып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бұны кезінде Елбасына ұсынғанбыз. Өзіңіз де жақсы білесіз, Асқар Ұзақбайұлы (ҚР Премьер-Министрі - авт.). Бұл - «Тау-Кен Самұрық»-тың негізінде сатылмас біріктірілген кешен құру мәселесі. Қор тау-кен және металургиялық саланы кешенді дамыту, оның ішінде геологиялық барлау және ғылыми-теxникалық әлеуетті арттыру мүмкіндіктерін қарастыруда. Ол үшін Қазгеология, Металлургия және кен байыту институты, сондай-ақ, ERG акцияларының мемлекеттік пакеті сияқты активтердің әлеуетін «Тау-Кен Самұрық» компаниясына беру жолымен шоғырландыруды талап етеді», - деді А.Есімов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, қор басшысы шетелде қордың активтеріне тоқтам салу мәселесін де көтерді.

«Өкінішке қарай, активтерді тыйым салуына байланысты шетелдік юрисдикциялардағы сот процестеріне қорды ұдайы тарту практикасы белең алуда. Атап айтқанда, 2017 жылы Стати талаптары бойынша қорға тиесілі құны 5 миллиардтан астам АҚШ долларын құрайтын Қашаған акцияларына шектеу қойылды. Ал 2018 жылы Ақтау Петролдың республикаға қойған талаптары бойынша қорға тиесілі құны 38 миллионнан астам АҚШ долларын құрайтын Түркиядағы Шекербанк акцияларын тыйым салынды. Оны бәріңіз жақсы білесіздер. Қордың активтеріне тыйым салу қаупі жалпы біздің активтеріміздің инвестициялық тартымдылығына айтарлықтай жағымсыз әсер етуде», - дейді А.Есімов.

Бұдан бөлек, Аxметжан Есімов «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» компаниясын мемлекеттік меншікке беру шаралары туралы айтып берді.

Соңғы жаңалықтар