Автожолдарда көктайғақты болдырмаудың жаңа тәсілдері енгізілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстандағы автожолдарда көктайғақты болдырмаудың жаңа тәсілдері енгізіледі. Бұл туралы «QazAvtoJol» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қыс мезгілі енді ғана басталып жатыр. Соңғы күндері жаңбырдан кейін қардың түсуі, содан кейін оның қатуы салдарынан жолды көктайғақтан жылдам тазарту қиынға түсіп жатыр. Қазіргі кезде жолдардағы қозғалыс қамтамасыз етілді», - деді Ұ. Әліпов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда, ол биыл компания көктайғақтан тазартудың жаңа технологиясын енгізуді жоспарлап отырған жеткізді.

«Қазіргі кезде тексеруден өткен барлық технологияны іске асырып келеміз, енді көктайғақты болдырмаудың жаңа технологиясын енгіземіз. Бұл тұрғыда кейбір ескертулер бар, сондықтан осы бағытта тиісті шараларды іске асырамыз. Бүгінде Нұр-Сұлтан мен Бурабай аралығындағы жолда QazAvtoJol қызмет көрсетуде, ал қалған ақылы жолдарды «Қазақавтожол» компаниясы қамтып отыр. Осыған қатысты мәселелерді пысықтайтын боламыз», - деді Ұлан Әліпов.

Сонымен қатар, ол автожолдардағы мәселелер бойынша ел тұрғындары тәулік бойы шұғыл байланыс желісіне хабарласа алатынын айтты.

«1403 нөміріне телефон шалуға болады, яғни тәуліктің кез келген уақытында ақысыз түрде хабарласа аласыздар», - деді Ұлан Әліпов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, желтоқсан айында «Нұр-Сұлтан-Павлодар» автобаны толық ашылады.

Соңғы жаңалықтар