Автожол құрылысында битумды бағалаудың жаңа стандарттары қолданылатын болады

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – 7-9 қыркүйекте Ақтауда Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің ірі мемлекеттік және жеке компанияларының, тиісті министрліктердің, қауымдастықтар өкілдерінің, битум, полимер-битум байланыстырғыш материалдарын (ПБВ) өндірушілер мен жеткізушілердің қатысуымен Жол конгрессі өтті. тас және жабдықтар. Іс-шараны 3K Events ұйымдастырды. Бұл туралы ҚазАқпарат Инвестициялар және даму министрлігі «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы күндері Ақтауда Қазақстандағы, жақын және алыс шет елдердегі ірі мемлекеттік және жеке компаниялардың, салалық министрліктердің, қауымдастықтар өкілдерінің, сондай-ақ битум және басқа да жол құрылыс материалдарын, полимерлі-битум байланыс материалдарын, қиыршық тастарды өндірушілер мен жеткізушілердің қатысуымен Жол конгресі өтіп жатыр.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шараға қатысушылар үш күн бойы отандық битум өндірушілердің қуаттарды жаңғырту бойынша жоспарларын, битум байланыстырғыш материалдардың сапасын, жол құрылысында полимерлі-модификацияланған битумды пайдалануды, оларды тасымалдау, сақтау және инженерлік-мердігерлік келісім бойынша сапасын бақылау мәселелерін талқылайды және Қазақстандағы ірі жол битум өндірушілердің бірі «Caspi Bitum» СП» ЖШС-нің қызметімен танысады.

ИИДМ «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» бас директоры Замир Сағыновтың айтуынша, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында ұйымдастырылған бұл жиында талқыланған мәселелер өте өзекті.

«Бұл форум битумның сапасына қатысты мәселелерді ашық талдауға мүмкіндік береді. Өз тарапынан Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы автомобиль жолдарын салу кезінде битумды бағалаудың жаңа стандарттарын қолданатын болады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар