Автожол құрылысы саласында 43 млрд теңге талан-таражға түскен

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің автожол құрылысы саласында 43,4 млрд теңге қаражаттың ұрланғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінде 43,4 млрд теңгенің ұрланғаны туралы фактілерді анықтадық. Қылмыстық істер бойынша тиісті тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделін қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісов ведомствоның биылғы жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, жалпы автожол саласына қатысты 28 қылмыстық іс Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

«Олардың бәрі де бақылауда тұр. Процесс енді ғана басталды. Бірақ қорытынды жасауға әлі ерте», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар