+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Автотұрақ үшін ағаш кескен балмұздақ зауытының үстінен тексеру басталды

2021 жылғы 15 маусым 14:24
Бөлісіңіз:
Автотұрақ үшін ағаш кескен балмұздақ зауытының үстінен тексеру басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Алматы облысы Іле ауданында 150 ағашты кесуге рұқсат берген әкімдік қызметкерлері туралы мәселе көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда қоршаған ортаны ластайтын көлікпен жүрген 16 жүргізуші жауапқа тартылды Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты Ертіс өзенінен 3,4 млн теңгенің бекіре балығын аулаған браконьер ұсталды

«Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің жауапты қызметкерлері Өтеген ауылындағы Сұлтан Бейбарыс тасжолының бойында өсіп тұрған 150-ден астам сау ересек ағашты кесуге заңсыз рұқсат берген. Балмұздақ шығаратын зауыт қызметкерлері көлік қоя алмайтын болмағандықтан, 150 түп сау ағашты кесіп, орнына автотұрақ жасаған. Ағашты заңсыз кескен компанияға Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тексеру жүргізе ме? Компания мен ағаш кесуге рұқсат берген әкімдік өкілдері жауапқа тартыла ма», - деді сауал иесі.

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова аталған оқиға бойынша жергілікті деңгейде тексеру басталғанын атады.

«Қазір бұл факт бойынша облыстық аумақтық инпекция тергеу жүргізіп жатыр. Соның қорытындысы бойынша қосымша ақпарат береміз», - деді ведомство өкілі.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ерлан Құтпанбаевтың айтуынша, әзірге ағаш кесуге әкімдік өкілдері рұқсат бергені туралы мәлімет нақтыланбаған.

«Рұқсатты кім бергені жайында тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Кімнің кінәлі екенін, нақты кімнің рұқсат бергенін сол кезде білеміз. Кімнің рұқсат бергені, тіпті рұқсат берілді ме, жоқ па? Әзірге оның бәрі айқындалған жоқ», - деді комитет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT