+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Автордан әдеби туындыны белгілі бір мерзімге ғана сатып алу талабы енгізіледі - министр

2020 жылғы 16 қыркүйек 10:50
Бөлісіңіз:
Автордан әдеби туындыны белгілі бір мерзімге ғана сатып алу талабы енгізіледі - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Автордан қоғамдық маңызы бар әдебиетті белгілі бір мерзімге ғана сатып алу енгізіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Манас» дастаны 60 жылдан кейін қазақ оқырмандарының қолына қайта жетті Мұқағали - 90 жыл: Ақын мерейтойында жаңа фильм көрерменге жол тартады

«2017 жылы депутаттық корпустың арқасында алғаш рет заңнамалық деңгейде авторларға қоғамдық маңызы бар әдебиет үшін қаламақы төлеу тәжірибесі енгізілді. Бұл басқа елдерде болмаған жағдай. Алайда, іс жүзінде қайшылықтар пайда болды. Атап айтқанда, автордан әдебиеттерді сатып алу авторлық құқықтың барлық мерзіміне мемлекетке авторлық құқықты беруді көздейді. Ол - автордың өмір сүрген кезіндегі мерзім және одан кейінгі 70 жыл. Бұл тұрғыда мемлекет әдебиетті оны мемлекеттік кітапханаларға өтеусіз негізде тарату үшін ғана сатып алатынын айта кеткен жөн», - деді министр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында.

Оның айтуынша, өз кезегінде автордың туындысын қайта шығаруға немесе кітап дүкендеріне сатуға немесе оны басқа жолдар арқылы сатуға құқы жоқ. Бұл жағдайда мемлекеттің халыққа мәдени өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеті орындалмайды, керісінше шектеліп отыр.

«Осыған орай, жобада еліміздің кітапханаларына әдебиетті басып шығару және тарату мақсатында автордан әдебиеттерді белгілі бір мерзімге сатып алу қарастырылып отыр. Одан әрі, автор оны басып шығаруға және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған кез келген басқа жолдармен таратуға құқылы болады», - деді Ақтоты Райымқұлова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT