Автоөнеркәсіптің жергілікті қамту деңгейі 33 пайызға жетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде автоөнеркәсіптің жергілікті қамту деңгейі 33 пайызға жетіп отыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалдық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орташа есеппен алғанда Қазақстанда автоөнеркәсіптің жергілікті қамту үлесі 33, тіпті кейбір модельде 50 пайызға дейін жетеді», - деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Спикердің атап өтуінше, «жергілікті қамту» мен «жергіліктендіру» түсінігінің ара-жігін ажырата білу қажет.

«Жергілікті қамту үлесін есептеудің бекітілген әдістемесі бар. Онда құрамдық база ғана емес, сонымен бірге Қазақстанда қалатын қосылған құн – автомобильді құрастыруға төленетін жұмысшылардың жалақысы мен өзге де қызметтер есепке алынады. Жергіліктендіру технологиялар мен өзге де процестерді игеру, оның ішінде дәнекерлеу, бояу, құрастыру есебінен жүзеге асырылады. Шағын торапты жинақ шамамен бір мың операциядан тұрады. Бүгінде біз жаңа кезеңге көшіп жатырмыз. Конпоненттер өндірісін дамыту бойынша қосымша міндеттемелер бар», - деді Олжас Сапарбеков.

Оның сөзіне қарағанда, қазірдің өзінде елімізде шығарылатын алюминий дискілер, пластик детальдар, су және май сорғылары, матордың астыңғы жақтауы техникаларға орнатылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар