+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Автоөндірушілерді лизингті қаржыландыру ережесінен бәсекелестікке қарсы нормалар алынып тасталады

2021 жылғы 22 қазан 11:15
Бөлісіңіз:
Автоөндірушілерді лизингті қаржыландыру ережесінен бәсекелестікке қарсы нормалар алынып тасталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі отандық автоөндірушілерді лизингті қаржыландыру ережелерінен бәсекелестікке қарсы нормаларды алып тастау туралы нұсқама енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «ҚазАвтоПром «Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы« ЗТБ өтінішін қарау нәтижесі бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ға қолданыстағы бағдарламалардан және отандық автоөндірушілерді лизингті қаржыландыру ережелерінен бәсекелестікке қарсы нормаларды алып тастау туралы нұсқама енгізді.

«Қазіргі уақытта отандық автоөндірушілерді қаржыландыру мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) бекіткен «Бәйтерек «ҰБХ «АҚ кредиттеу» қаржылық-экономикалық негіздеме бағдарламасы бойынша «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ (бұрын – «ҚДБ-лизинг» АҚ) кредиттеу жүргізуде. Осы бағдарламада айқындалған қаржыландыру тетігіне сәйкес Қазақстандық автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ) әрбір автоөндірушіге лизингтік қаржыландыру кезіндегі лимиттер сомасын айқындайды», делінген хабарламада.

Ведомствоның мәлімдеуінше, осыған ұқсас нормалар «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның отандық автомобильдер өндірісін қолдау бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасында жазылған. Бұл ретте ҚАБҚ – құрамына авто өндіру нарығында жұмыс істейтін кәсіпорындардың барлығы кірмейтін коммерциялық емес ұйым. Сондай-ақ, бұл елдегі автокөлік өндірушілер мен жинаушылардың жалғыз бірлестігі емес.

«Осылайша, ИИДМ және ҚАБҚ Өнеркәсіпті дамыту қоры тарапынан қауымдастық мүшелері болып табылатын автоөндірушілердің мүдделеріне басымдық беру құқығы берілген, бұл олар үшін артықшылықты жағдай және жалпы бәсекелестермен салыстырғанда қолайсыз / дискриминациялық қызмет жағдайын қалыптастырады», деп мәлімдеді агенттік.

Ведомствоның түсіндіруінше, автоөндірушілерге лизингті қаржыландыру бойынша қаражат бөлу кезінде ашықтықтың болмауы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің басым жағдайын белгілеу фактілері, лизинг алатын автоөндірушілерді таңдау кезіндегі шектеулер – осы мәселелер 2021 жылдың қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша монополияға қарсы департамент жанындағы кедергілер жөніндегі кеңес отырысында көтерілген.

«Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 163-бабының 4-тармағына сәйкес ИИДМ және Өнеркәсіпті дамыту қорының атына бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттер жасау туралы нұсқама енгізілді, атап айтқанда –бәсекелестікті шектейтін нормаларды алып тастау. Нұсқама 2021 жылдың 30 қарашасына дейін орындалуға тиіс», делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT