Автонесиеге алынған көлікті сатуға бола ма

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кеше елімізде жеңілдетілген пайызбен автонесие берудің алғашқы кезеңі басталды. Санаулы секундтың ішінде 761 қазақстандық кредит алу мүмкіндігіне ие болды. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» өкіліне несиеге алынған көлікті қайта сатуға бола ма? деген сауал қойған еді.

«Көлікті қайта сату мүмкін емес. Өйткені, ол жерде әр адамның ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) көрсетілген. Одан бөлек, клиенттің аты-жөні мен банк төлем шоты ұсынылады. Яғни автомобиль тек сол адамға беріледі және ол ала сала біреуге сата алмайды», - деді «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров Үкімет үйінің кулуарында.

Оның айтуынша, автонесиелендіру бойынша жағдай қордың бақылауында және процесс автоматтандырылған.

Бұған дейін автомобильге жеңілдетілген несие алғандардың тізімі ашық жариялануы мүмкіндігі туралы хабарлаған едік.

Сонымен қатар жеңілдетілген автонесиеге өтінімді смартфон арқылы беруге қатысты сауалға жауап берілді.

Одан бөлек, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сұраныстың артуына байланысты қосымша қаржы бөлу мәселесін қозғады.


Соңғы жаңалықтар