Автонесие үшін бәріне ақша бөлу мүмкін емес – Ринат Ғаппаров

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өнеркәсіпті дамыту қоры басқарма төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров халыққа автнесие беру төңірегіндегі ахуалға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз алдын ала ескертіп, 5 күн бұрын не бәрі 761 орын болатындығын жария еттік. Өйткені, жиналған қаржының бары 7,6 млрд теңге ғана. Соған орай кредиттің ең жоғары сомасы 10 млн теңге болған кезде 761 орын ғана болады. Қазақстандықтарға автонесие үшін бәріне ақша бөле алмайтындығымызды ескертті. Бұл мүмкін емес», - деді Ринат Ғаппаров Үкімет отырысы аясында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Осы ретте ол автонесиеге өтінім беру портвлының жұмысындағы іркілеске қатысты да түсіндірме берді.

«Себебі 761 адам тіркелгеннен кейін түймешік жарамсыз болып, қате деген белгі бере бастады. Бағдарламада нақтылық та болмады, онымен қазір жұмыс істеп жатырмыз. Ол ілкі жоба ретінде іске қосылды. Бізге барлық пікірлер мен ескертпелер алу қажет. Келесі жолы, мамырдан бастап ай сайын іске қосу кезінде мұның бәрін түзетеміз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар