+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Автомобиль жолдары саласында 130-дан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген

2020 жылғы 8 сәуір 14:53
Бөлісіңіз:
Автомобиль жолдары саласында 130-дан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері автомобиль жолдары саласында 130-дан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

2020 жылдың қаңтарынан бері «QazAvtoJol» ҰК» АҚ облыстық филиалдары «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы 134 мемлекеттік қызметті көрсетті.

Дәлірек айтқанда, «Сыртқы жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруға рұқсат беру құжатын тапсыру» тармағы бойынша 37 қызмет көрсетілген.

Халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар арналармен, байланыс және электр қуатын беру жүйелерімен, мұнай құбырларымен және темір жолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беретін мемлекеттік қызмет 56 рет ұсынылған. Бұдан бөлек, «Кірме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды салуға келісу» тармағы бойынша 41 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Қазақстанда төтенше жағдайдың жариялануына байланысты автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету штаттық тәртіпке сай жүзеге асырылып жатқандығын айта кету керек.

Еске салайық, өткен жылы «QazAvtoJol» ҰК» АҚ 906 мемлекеттік қызмет көрсеткен болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT