Автомобильді бастапқы тіркеу алымы төмендей ме

None
АСТАНА. ҚазАқпарат –Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының автомобильді бастапқы тіркеу алымын төмендетуге қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бастапқы тіркеу алымын алу ескі және экологияға сай келмейтін автомобильдерді шеттен әкелуді реттеу үшін тиімді тетік саналады. Мұнан бөлек, Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында (меншікті автомобиль өндірісі бар ЕАЭО-ға қатысушы елдер), сондай-ақ Өзбекстан Республикасында бастапқы тіркеу алымы қызметін сараланған утильалым атқарады. Ол қозғалтқыш көлеміне де, көліктің шығарылған жылына да қатысты есептелінеді. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, шығарылғанына 3 жылдан асатын автомобильдерге қатысты бастапқы тіркеу алымын төмендету мақсатқа сай келмейді деп есептейміз», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.


Соңғы жаңалықтар